Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалайды.
Павлодарда 10 жасар бала жол көлік оқиғасы салдарынан жансақтау бөліміне түсті. Оқушы жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Павлодар-онлайн жазуынша, жол-көлік оқиғасы 3 қаңтар күні түстен кейін Амангелді мен Көкшетау көшелерінің қиылысында болған.
Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың жағдайы туралы айтып берді. Бала қабылдау бөлмесіне кеше сағат 15.20-да жеткізілді.
Оқушы қаралды, КТ жасалды, рентгенге түсірілді және шұғыл түрде реанимацияға жіберілді. Оқушыда бас миының жабық жарақаты, мидың жаппай ісінуі бар.
Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалайды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.