147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды.
Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды. Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда, – делінген прокуратураның хабарламасында.
Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.