Қаланың орынсыз қылжақтаған 59 жастағы тұрғыны мас болып шықты.
ШҚО тұрғыны кепілге алынған 15 адам туралы орынсыз әзілі үшін жазаланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кеше полицияға әйел қоңырау шалып, Өскемен автобекетінде террористердің 15 адамды кепілге алғанын хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына барды. Тексеруден кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Қаланың орынсыз қылжақтаған 59 жастағы тұрғыны мас болып шықты.
Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Полиция қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқықбұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.