Оқиға орнына Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 31 адам және 9 техника жұмылдырылған.
Көкшетау қаласында Абай көшесіндегі батут орталығының сауна үй-жайындағы 60 шаршы метр алаңда өрт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баспалдақ маршымен қызмет көрсету персоналмен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 22 бала, өрт сөндіру бөлімшелерімен 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала бар. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған мәліметте.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 31 адам және 9 техника шыққан болатын.
Ақмола облысының ТЖД өрт шыққан жағдайда “101” немесе “112”нөмірі бойынша дереу хабарлау қажеттігін еске салады.