15.01.2024, 09:20

Алматыда қоймадан ірі өрт шықты

Фото: Алматы ТЖД

Тілсіз жауға қатысты басқа да ақпараттар нақтылап жатыр.

Алматыда Әуезов және Гоголь көшесінің қиылысындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық ТЖД сілтеме жасап.

Өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі төнді. Өртті толық сөндіруді битум, бояу сынды жанғыш өнімдер қиындатты.

Оқиға орнына штабтың жұмысы жұмылдырылып, үш өрт сөндіру аймағы құрылды. Барлау және өртті сөндіру кезінде үш оттегі және төрт газ баллоны табылып, эвакуацияланды.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт 14 қаңтарда сағат 22:34-те ауыздықталып, сағат 22:50-де жойылған.

Өрттің шығу себебі анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Тілсіз жауға қатысты басқа да ақпараттар нақтылап жатыр.