15.01.2024, 10:40

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Кадрларда куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқан.

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

EgovPress telegram-арнасынының мәліметінше, оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.

1961 жылы туған азамат Б. күйіктің 70 пайызын алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.