18.01.2024, 17:40

Оралда 13 жасар қызды зорлаған оқушыларға қатысты сот болып жатыр

Фото: pixabay.com

Процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты, жабық режимде өтеді.

Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген мектеп оқушыларының соты басталды. Айыпталушылар – 5 адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Мой город» басылымыынң жазуынша, қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болған. 15-16 жастағы 4 жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол – ересек. Қылмыс болған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар қызды пәтерге алдап кіргізген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Қазір ол қарастырылып жатыр. Процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты, жабық режимде өтеді.

Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.