$ 444.14  477.05  4.85

Балқашта «Қазақмыстың» қоймасында өрт болды

Жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Балқашта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қоймасында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын. 

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.

Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары