Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Атырау қаласында төбелес кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Lada.kz басылымының жазуынша, төбелес «Авангард» ауданында 1983 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар арасында болған. Сол кезде 1994 жылы туған жігіт қайтыс болды.
Қазір оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.