$ 486.44  534.31  5.06

Екібастұзда жүкті келіншек көпқабатты үйден секіріп кеткен

Қайтыс болған келінгек жүктіліктің 22-аптасында болған.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

30 жасар келіншектің артында ұл баласы қалған. Жүктілігі бойынша арнайы есепке былтыр қазан айында тұрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Павлодар облысының Екібастұз қаласында, сейсенбі күні түнде болған. Әйел өзі тұратын көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері 30 жастағы келіншектің сол жерде жан тапсырғанын анықтады.

Қайтыс болған азаматша жүктіліктің 22-аптасында болған.

Жедел жәрдемді 23 қаңтар күні сағат 01:42-де шақырды. Көлік оқиға орнына 5 минутта жетті. Медицина қызметкерлері келіншектің оқиға орнында жан тапсырғанын тіркеді, –  деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған келіншектің мүрдесі сот-медициналық сараптама жасау үшін Павлодар қаласына жеткізілді.

Полиция қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, әйел адам пәтерде анасымен және 10 жасар ұлымен бірге тұрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары