$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда жол бойында мас күйде жатқан адамды көлік қағып кетті

«Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Павлодар облысы Успен ауылында жол шетінде мас күйде жатқан адамды көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Успен ауылындағы Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайтыс болған адам болжаммен мас болған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары