27.01.2024, 21:30

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.