$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда бұзақылар 81 жастағы әжейді тұншықтырып, тонап кеткен

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, - деп мәлімдеді Ішкі істер ведомствосынан.

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары