$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысындағы жарылыс: қаза тапқандар полицейдің ата-анасы болып шықты

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде 35 адам болған. 

Фото:@akimatbotakara парақшасынан алынды
Фото:@akimatbotakara парақшасынан алынды

Қарағанды облысындағы жарылыста полиция қызметкерінің әкесі мен анасы қаза тапты. Қызметкерге облыстық полиция департаментінің өкілдері көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Омаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, – делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде бүгін сағат 00:07-де болған еді. Екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйдің 2-қабатында газ жарылуы салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде 35 адам болған. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан шығарылған 2 адамнан бөлек, тағы 5 адам зардап шеккен. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары