Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.
Атырау облысында Volvo жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander-мен соқтығысып, жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік апаты 4 ақпанда Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының аумағында болған.
Жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында республикалық маңыздағы Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 873-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Аталған жолдың Құрманғазы ауданындағы Бөкейхан ауылына жақын тұста Volvo маркалы жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің рульінде 1958 жылғы жүргізуші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранды. Жеңіл көліктің 1964 жылғы жүргізушісі мен 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.