05.02.2024, 17:40

Алматыда кәсіпкер бұрынғы сүйіктісін атып кеткен (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Кәсіпкердің бұған дейін де бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған.

Алматыда қызды үйінің кіреберісінде атып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоның сипаттамасында ірі кәсіпкердің бұған дейін де бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған. Содан кейін кәсіпкердің тапсырысымен аталған мекенжайға белгісіз ер адам келіп, қызды екі рет атып кеткен.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыс кедергісіз тез ашылған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", – делінген хабарламада.