08.02.2024, 22:30

«Полицияға 60-қа жуық адам жеткізілді»: Шымкентте жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Келушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған.

Төбелес 3 ақпан күні сағат 02:00 шамасында Pandora түнгі клубында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат портады otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Келушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған.

"Полицияға 60-қа жуық адам жеткізіліп, барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.