$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні автожолды жауып тастады.

Фото: Алматы облысының әкімдігі
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында 9 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданының аумағында Түрген-Батан-Асы обсерваториясы бағытындағы облыстық автожолдың 24 шақырымында қар көшкіні болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Дегенмен қар көшкіні автожолды жауып тастады.

Аталған жағдайға Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

Қар көшкіні автожолды жауып тастады. Оқиға орнына ТЖД (1 адам және 1 техника) және ТЖМ Қазселденқорғау (3 адам және 1 техника) жұмылдырылды. Жолдың осы учаскесі 2024 жылдың 1 мамырына дейін жабылғанын ресми хабарлаймыз. Оқиға салдарын жою бойынша жұмыстар басталып, барлығы ретке келтіріледі. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бүкіл Алматы облысында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - дейді ведомвоның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары