09.02.2024, 18:20

Астанада «Рухани жаңғыру» символы құлап қалды

Фото: Astanovka98

Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.

Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан «Рухани жаңғыру» символы объектісі желден құлап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәулет объектісі қатты желдің әсерінен құлаған. Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі.

Бүгін тіпті Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.

Еске салсақ, елордада боранға байланысты тәулік ішінде 250-ден аса жол апаты тіркеліп, барлық қызмет түрі күшейтілген режимге ауысты.