21 қаңтарда ауа райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын.
Жамбыл облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылған. Екінші адамды іздестіру жалғасып жатыр.
Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады.
Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеген еді, кейін 21 қаңтарда ауа райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын.