Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.
2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады",- делінген хабарламада.