16.02.2024, 10:20

Алматы облысында белгісіз ер адам 4 баланы азаптаған (ВИДЕО)

Фото: pixabay.com

Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты.

Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның балаларды қорқытып, пышақпен қорқытқанын көруге болады. Ал оларды көмектескен видеодағы ер адам "міне, балаларды байлап тастапты, шешіп жатырмын" деген. 

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі бақылауға алған. 

Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов