Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 26 бірлік техникасы, 77 қызметкер, 11 маман, 2 бірлік тікұшағы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.
Көкпекті ауданында Омбы-Майқапшағай тас жолында 77 автокөлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай облысы Көкпекті ауданының жолдарында барлығы шамамен 140 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Қалбатау ауылындағы автобустан Шерп және ТРЭКОЛ жоғары өтпелі техникаларының көмегімен 37 адам жабық учаскеден құтқарылды.
Сонымен қатар, Қалбатау ауылында әкімдігінің және қорғаныс министрлігінің тікұшақтарымен 3 рейс жүргізілді, бұл ретте 73 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Олар жылыту пункттеріне орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың 26 бірлік техникасы, 77 қызметкері, 11 маманы, 2 бірлік тікұшағы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.
Қалбатау және Көкпекті ауылдарында аудандық штабтар құрылды.
ТЖ орнында облыс әкімінің орынбасары Абай Димитрий Гариков және ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов бар.