$ 443.44  480.51  4.88

Астанада тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

18 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялады.

Фото: @press_TJM
Фото: @press_TJM

Астана қаласында Абылай хан даңғылында орналасқан тұрғын үйден өрт щықты, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.

"Абылай хан, 26/1 мекенжайындағы тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруге кірісті. Онда бірінші қабатта электр қалқаны үй-жайында электр сымдары қысқа тұйықталып, одан әрі электр сымдары жанып, жертөле үй-жайларындағы қосалқы бөлмеге таралған. Өрттің ауданы 15 ш.м.", - делінген ТЖМ хабарламасында.

18 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялады.

Өрт  сағат 18.53-те оқшауланды, 19.15-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамынан 19 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары