18 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялады.
Астана қаласында Абылай хан даңғылында орналасқан тұрғын үйден өрт щықты, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
"Абылай хан, 26/1 мекенжайындағы тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруге кірісті. Онда бірінші қабатта электр қалқаны үй-жайында электр сымдары қысқа тұйықталып, одан әрі электр сымдары жанып, жертөле үй-жайларындағы қосалқы бөлмеге таралған. Өрттің ауданы 15 ш.м.", - делінген ТЖМ хабарламасында.
18 адам, оның ішінде 4 бала эвакуациялады.
Өрт сағат 18.53-те оқшауланды, 19.15-те сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамынан 19 адам және 4 техника жұмылдырылды.