20.02.2024, 12:00

Мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс басталды

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.

Әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады, Skifnews.kz ақпарат порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.

Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.

Бұған дейін ақтөбелік орамалды оқушылардың ата-аналары биліктен елімізде онлайн оқытуды ресми түрде заңдастыруды талап етті. Сөздерінше екі жылдан бері Ресейде білім алып жатқан балалары Қазақстанның емес Ресейдің тарихы мен мәдениетін үйреніп жатыр. Олар Білім министрлігі хиджаб киген оқушыларға мектепке баруға тыйым салғалы балалары мүжбүрлі түрде оқшауланып қалғанын айтты. Енді ата-аналар президент Қасым- Жомарт Тоқаев пен білім министрі Асхат Аймағамбетовке петиция жолдайтынын мәлімдеген.