$ 439.43  473.31  4.82

Түркістан облысында мектептің шатыры өртенді

Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп кетті, деп хабарлайды  Skifnews.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 15-15-те Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келгенін мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша ауданы 100 шаршы метр болатын өрт сағат 16-10-да оқшауланып, 16-50-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

"Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - сымдардың қысқа тұйықталуы", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары