Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 15-15-те Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келгенін мәлімдеді.
Алдын ала болжам бойынша ауданы 100 шаршы метр болатын өрт сағат 16-10-да оқшауланып, 16-50-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
"Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - сымдардың қысқа тұйықталуы", - делінген хабарламада.