24.02.2024, 11:30

Түркістан облысында әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлап кеткен

Фото: Түркістан облысы ПД

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Сарыағашта 51 жастағы әйел ұрлық жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

OTYRAR сайтының жазуынша, полицияға аталған қылмыс туралы мешіт қызметкерлері хабарлаған.

Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен. 

Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.