Су көздерінің алыс болғаны өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты.
Алматыда құтқарушылар Алатау аймағындағы қойма үй-жайынан шыққан өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 19:43-те жоғары дәрежедегі күштер мен құралдар Алатау ауданы, Теректі шағын ауданы, Айналмалы көшесіне жіберілді.
Оқиға орнына келген кезде 19:56-да ангар типті қойма өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 29 адамы, 7 техника мен қалалық әрекеттесу қызметі өртті сөндіруде, - деп хабарлады қалалық ТЖД.
Өрт 20:37-де ауыздықталды. Су көздерінің алыс болғаны өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Су тасу жұмыстары ұйымдастырылды. Өрттің таралу қаупі жойылды.