$ 439.4  473.54  4.76

Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті (ВИДЕО)

Желі қолданушылары автобус жүргізушісінің бейқамдығына, сондай-ақ әйелдің қасында болған жолаушылардың қоғамдық көлікті тоқтатпаған жайбарақаттығы мен немқұрайдылығын айтып, пікірлерін жазуда.

Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Желіде әйел адамның жүріп бара жатқан автобустан құлап түскен видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнероликтен адам лық толы қоғамдық көлікке әйел адамның кіріп, автобустың есігі жабылғаны көрініп тұр. Автобус қозғалып жүріп бара жатқанда есік қайта ашылып, әйел адам одан құлап түседі. Осы орайда автобус жүргізушісі көлікті тоқтатпайды. Қазір әйел адамға не болғаны белгісіз.

BAQ.KZ-тің жазуынша бейнеролик авторлары оқиға 24 ақпан таңертең Астана қаласында болғанын растап отыр.

Желі қолданушылары автобус жүргізушісінің бейқамдығына, сондай-ақ әйелдің қасында болған жолаушылардың қоғамдық көлікті тоқтатпаған жайбарақаттығы мен немқұрайдылығын айтып, пікірлерін жазуда.

Әзірге көлік кешенін басқаратын операторлар оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары