25.02.2024, 16:30

Қазақстандық гимнаст Германияда алтын медаль иеленді

Фото: Olympic.kz

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогында жеңімпаз атанды.

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда жалпы 15.433 ұпай алды.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде болса, қола жүлдеге Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.

Әлем кубогі кезеңдерінде жиған ұпай арқылы гимнастар Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.