27.02.2024, 09:20

Астана әуежайынан өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді.

Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.

Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.