Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оқиғаның видеосы желіде тарады.
Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.