$ 439.43  473.31  4.82

Семейде 13 жасар қызды аңдыған ер адам полицейді жарақаттады (ВИДЕО)

 Жігіт қолындағы пышағымен тәртіп сақшыларына қарай жүгірген.

29 ақпан түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жастағы қыздан белгісіз ер адам оны артынан қуып жүргені туралы хабарлама алған. «102» операторына қыз сыртқа шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді, олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен, тәртіп сақшыларына қарай жүгірген.

Учаскелік полицейлер ер адамның дүкеннен кетуі керек екенін түсінді, өйткені ол маңда адамдар болып, зияны тиіп кетуі мүмкін. Агрессивті ер адамның назарын аударып, полицейлер рациямен көмек сұрады, патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келді. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа күдікті пышақ жарақатын салған. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары