02.03.2024, 18:30

Петропавлда көшеден әйелдің мәйіті табылды

Фото: Pixabay

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.

Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.