03.03.2024, 20:30

«Үш адам зардап шекті»: Шымкентте жеңіл көлік бар жылдамдығымен ағашқа соғылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Соқтығысар алдында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 

Шымкентте 2 наурызға қараған түні жантүршігерлік жол апаты болды. Алпысбаев көшесінде Toyota Camry бар жылдамдықпен келіп ағашқа соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан үш адам қатты зардап шекті, деп жазады Otyrar.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығысар алдында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.