$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда бір ай бойы іздеуде болған 18 жастағы қыздың мәйіті табылды

Өлім себептері туралы ақпарат жоқ.

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz/
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz/

Алматыда жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы LIDER отрядының еріктілері мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еріктілердің хабарлауынша, бір ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылған.

Айта кетейік, бойжеткен осы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен. 2005 жылы туған қыз бала үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен, оралмаған. Еріктілерге хабарлама 12 ақпанда келіп түсті.

Бір ай іздеу жұмыстарынан соң ақпан айында қыздың денесі табылды. Өлім себептері туралы ақпарат жоқ.

Сонымен бірге, ақпан айының соңында Алматының жоғалып кеткен тағы бір тұрғынының денесі табылған еді. Онымен байланыс 2024 жылдың 16 қаңтарында үзілген. Азамат үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары