Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған.
Әлеуметтік желіде бойжеткен қызға жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Желіде Жәбірленуші Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екені айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Tengrinews.kz-тің дерегінше, полиция тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.
Жәбірленушінің қызметі бұл тергеуге қатысты емес, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - деді Астана ПД баспасөз қызметі.