$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үйді су басқан (ВИДЕО)

Жаңбыр жауып тұрғандай. Су таза, бірақ ыстық. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жер сілкінісі салдарынан Алматыдағы Сәтбаев көшесі, 18Б мекенжайындағы үйдің бірнеше қабатын ыстық су басқан. Ондағы шүмектер сынып, пәтерлерге ыстық су құйылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жер сілкінген кезде дүкенде болдым. Аса сезбедім. Үйге келсем, айналаның бәрін су басқан, баспалдақтан да ағып жатыр. Жоғары қарасам, төбеден су тамшылап жатыр. Тап бір субұрқақтай атқылап жатты. Жоғарыдан су ақты. Апат қызметін 40 минуттан астам күттік. Бірінші қабатқа да су келетінін ескерттік. Өйткені бәрі ағып, суда қалқып жүр. Жаңбыр жауып тұрғандай. Су таза, бірақ ыстық. Жаңа ғана көршіме бардым, пәтерінде будан көз аша алмайсың, - деді төрт қабатты үйдің тұрғыны Татьяна.

Көршілер шүмекті жабуға қанша тырысқанымен, жаба алмаған. Мамандар келгенше пәтерлерді ыстық су басып қалған. Татьянаның айтуынша, екінші қабаттан төртінші қабатқа дейінгі пәтерлерді су алған.

Ал сантехниктер шүмек сынғанын, сапасыз екенін айтқан. Алматылықтар бұл жерде жер сілкінісінің әсері болуы әбден мүмкін деп отыр. Алматы әкімдігі бүгін, 4 наурызда Сәтбаев көшесі, 18Б мекенжайында үйішілік желілердің тозуына байланысты шатырдағы жылу тасымалдағыштың шұрасы бұзылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары