Ол Есіл аудандық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген.
Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі – полицей, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Sinegor.kz дерегінше, 5 наурызда Есіл қалалық полиция басқармасына бір адам хабарласып, көлік жуу орнының жанында тұрған көліктен 2 адамның мәйітін тапқанын айтқан. Оқиға орнына барған мамандар Audi A6 маркалы көліктен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесін шығарды.
Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталды. Біреуі – полиция сержанты. Ол Есіл аудандық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген. Екіншісі – жергілікті тұрғын.
Ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала мәліметке сәйкес, екеуі де алкоголь ішпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.