$ 441.58  480  4.86

Ақтөбеде лифт шахтасына құлап кеткен ер адам құтқарылды (ВИДЕО)

Жұмысшы шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгін Ақтөбеде салынып жатқан тұрғын үйдің лифт шахтасына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 минуттан кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар зардап шегушіні салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқиға 12 шағын ауданда орын алған.

Жұмысшы шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Оған ми шайқалуы, бас жарақаты диагнозы қойылды. Кеуде тұсының жабық жарақатын алған, қолы сынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары