$ 494.87  520.65  4.91

342,8 млн теңге заңсыз ақша тапқан астаналық тұрғын сотталды

Үкім заңды күшіне енді. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елордада  криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.

Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн. теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары