$ 444.14  477.05  4.85

Әкімге «ханның қызы» деген белсенді үйқамаққа жіберілді

Артынша оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.

Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов
Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

13 наурызда Қызылорда облыстық соты қоғам белсендісі 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекованы үй қамаққа ауыстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, 11 наурызда әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тараған.

Осы оқиғаға қатысты Қызылорда облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлаған. Артынша оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.

28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілері анықталды. Процеске қатысушылардың жауабын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін, — деген еді Жаңақорған аудандық полиция бөліміндегілер.

Енді қоғам белсендісі сот шешімімен үйқамаққа жіберілді.

Еске салсақ, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, «Ханның қызысыз ба?» деп төтесінен сауал қойған. Сол кезде тіпті, әкімнен жолдың неліктен жабылғанын сұраған. Оның сол кездегі сөзі, видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Белсендіге атүсті жауап берген Әбдіхалықова кейін арнайы видео таратып, өзінің де, аудан әкімінің де, аудандық ішкі істер бөлімінің де жолды жапқызбағанын айтып, учаскелік полицияға кінә артқан.

Облыс әкімі мен қоғам белсендісінің диалогы әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі пікір туғызды. Тұрлыбекова осыдан кейін аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасы шақырып, қысым жасауға тырысып жатқанын әлеуметтік желіде хабарлап жүрді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары