$ 441.58  480  4.86

Петропавлда өрт шыққан үйден ер адамның мәйіті табылды

Өрт салдарынан үйдің шатыры құлады.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖД мәліметінше, бүгін Новопавловка кентіндегі саяжайда орналасқан үйде өрт болған. Өрт салдарынан үйдің шатыры құлады. Оқиға орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

Сағат 12:17-де оқшауланып, сағат 12:32-де жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары