$ 494.87  520.65  4.91

Полицей жасөспірімді зорлады деп айыпталды

Аудандық прокуратурасының хабарлауынша, іс ішкі тергеу аясында қаралып жатыр.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ-та Калифорния штатындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің мекемесінде полиция қызметкері жасөспірімді зорлағаны үшін жауапқа тартылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы People сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөзіне сүйенсек, аты-жөні мен жасы аталмаған Лос-Анджелестегі әйел түрмеде отырған кәмелетке толмаған сотталушымен заңсыз кездесу ұйымдастырды деп айыпталды. Ол түзеу мекемесіндегі жасөспірімге ұялы телефон апарып беріп, кейін оны зорлаған.

7 наурызда смартфон түрмеден табылып, көп ұзамай құқық қорғау қызметкеріне айып тағылды. Телефонда жыныстық сипаттағы фотосуреттер болған. Сондай-ақ, әйел жас тұтқынға тек дәрігер нұсқауымен ғана сатуға рұқсат етілген кейбір таблеткаларды апарған. Әріптестерімен әңгімелесу кезінде әйел режимді бұзғанын мойындады.

Лос-Анджелес аудандық прокуратурасының хабарлауынша, іс ішкі тергеу аясында қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары