Аудандық прокуратурасының хабарлауынша, іс ішкі тергеу аясында қаралып жатыр.
АҚШ-та Калифорния штатындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің мекемесінде полиция қызметкері жасөспірімді зорлағаны үшін жауапқа тартылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы People сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөзіне сүйенсек, аты-жөні мен жасы аталмаған Лос-Анджелестегі әйел түрмеде отырған кәмелетке толмаған сотталушымен заңсыз кездесу ұйымдастырды деп айыпталды. Ол түзеу мекемесіндегі жасөспірімге ұялы телефон апарып беріп, кейін оны зорлаған.
7 наурызда смартфон түрмеден табылып, көп ұзамай құқық қорғау қызметкеріне айып тағылды. Телефонда жыныстық сипаттағы фотосуреттер болған. Сондай-ақ, әйел жас тұтқынға тек дәрігер нұсқауымен ғана сатуға рұқсат етілген кейбір таблеткаларды апарған. Әріптестерімен әңгімелесу кезінде әйел режимді бұзғанын мойындады.
Лос-Анджелес аудандық прокуратурасының хабарлауынша, іс ішкі тергеу аясында қаралып жатыр.