$ 441.58  480  4.86

Алматыда жол апаты болып, 1 адам көз жұмды

Екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда Саин көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған.

«Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары