Алдын ала болжам бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Ақтаудағы шағын ауданда үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданда орналасқан №34 үйде болды. Ер адамның денесі үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады.
Әлеуметтік желідегі видеода тіршілік белгісі жоқ ер адамның денесі көрсетілген.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем барған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.