$ 495.2  522.34  4.94

Түркістан базарында Германиядан келген цирк әртістерін ұрып-соққан

Медициналық көмек көрсеткеннен кейін Германия азаматтары ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 

Фото: 2ГИС
Фото: 2ГИС

Түркістанда базар күзетшілері кәмелетке толмаған цирк әртістерін ұрып-соққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

CMN.KZ сайтының жазуынша,Түркістанда ағайынды немістерден құралған «Ағайынды Гертнер» циркінің гастрольдік сапары тоқтатылған. Өйткені 26 наурызда жас өнерпаздар төбелесіп, салдарынан жарақаттанып қалған.

«Алтын бұлақ» базарында болған қақтығыс кезінде неміс өнерпаздарының бірінің қолы, екіншісінің жақ сүйегі сынған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін Германия азаматтары ауруханаға жатудан бас тартқан. Ағайынды Гертнерлердің бірі 15 және ал екіншісі – 7 жаста.

Ал олардың неліктен төбелескені, таяқ жегені белгісіз.

Полицейлер цирк әртістерін соққыға жыққан екі күзетшіні ұстады. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалса, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары